г. Костанай, Байтурсынова 47
тел. 8(7142)39-06-22

ТЕМПУС бағдарламасы бойынша «Қазақстанда студенттік өзін-өзі басқару және демократиялық қатысу» жобасы

Жоғары Оқу Орны бұл тек қана студенттердің білім алатын орны емес, ең алдымен келешекте бәсекелестікке барынша қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы іргетас. Өскелең ұрпақтың заманға сай барынша қабілетті, сауатты және келешекте еліне елеулі үлес қосарлықтай тұлға болуына ел тарапынан ауыз толтырып айтарлықтай жағдай жасалған.

Ахмет Байтұрсұнов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті ТЕМПУС бағдарламасы бойынша «Қазақстанда студенттік өзін-өзі басқару және демократиялық қатысу» (STUdents self-governance and Democratic Involvement in Kazakhstan) жобасын жүзеге асырады. Темпус – ЕО университеттері мен түрлі аймақтардың жоғары оқу орындарының (Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс) ынтымақтастығы арқылы жоғары білімді жаңартуға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламасы.Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты – көрсетілген аймақтардағы жоғары білімді ЕО елдеріндегі жоғары білім жүйесімен ұштастыру, жоғары білім беру үрдісінде Лиссабондық конвенция мен Болондық үрдісті жүргізу.СТУДИК жобасының консорциум қатысушылары арасында Қазақстандық білім ордалармен қатар Еуропалық Одақтың: Дрезден Техникалық Университеті (Германия);Австриялық табиғи ресурстар университеті (Австрия, Вена қ.);Ақпараттық жүйелер менеджменті институті (Латвия, Рига қ.);Ақпараттық жүйелер менеджменті институтының студенттер одағы (Латвия, Рига қ.);Литва ауыл шаруашылығы университеті (Литва, Каунас қ.); бұл жоба аясында жұмыстарын жүзеге асыруда.

Ағымдағы айдың (қазан) 13.10.14 – 16.10.14 аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде ТЕМПУС СТУДИК жобасымен жұмыс жүргізіп жүрген ЖОО арасында кездесу болып өтті.Кездесуде ЖОО аясында қызмет ететін Жоғары Студенттік Кеңес ұйымының 2013 жылғы жүргізген жұмысы бойынша қорытындылар талқыға салынды. ҚМУ - нен аталмыш жобаға «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» директоры Назымұлы Болат Калиев және Жоғары Студенттік Кеңестің төрағасының орынбасары Болатқызы Ажар Байдаулетова қатысты. Қатысушылардың айтуынша үш күнге созылған бұл кездесудің маңызы айтарлықтай зор. Ендігі кезекте олар алған білімдерін Университет студенттерімен бөлісіп , келер 2015 жылдың жазында Астана қаласында өткізілетін келесі кездесуге дайындалуда.